RU
Газдалған сусындардың қатерлі дертке әкелетіні рас па?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Газдалған сусындардың қатерлі дертке әкелетіні рас па?

Рассказать Вконтакте

Бен-Гурион университетінің ғалымдары газдалған сусынды ішу адам ағзасына зиян екенін анықтады. Әсіресе, сусындардың құрамында көп мөлшерде қант болса, ол ағза жұмысын әлсіретеді екен. Ал оларды шамадан тыс пайдалану тіпті қатерлі дертке әкелуі мүмкін деп хабарлайды vecherka-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: vskormi.ru

Көрнекі фото: vskormi.ru

Жалпы зерттеуге 210 мыңнан астам адам қатысыпты. Олар газдалған сусын құрамындағы фосфаттар ішек микрофлорысына зиян келтіретінін анықтаған.

Сол сияқты сусындар құрамындағы тәтті қоспалар да ішек ауруларына әкеп соқтыратыны дәлелденді.

Олар тышқандарға зерттеу жасағанда, сусын құрамындағы тәтті қоспалар адам ағзасының нашарлауына себеп болатынын байқаған.

Ал оларға газдалған сусынды үнемі беріп отырғанда, бұлшық еттердің жұмысында ауытқушылық бар екені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel