RU
"Әлі отпын ғой": Мадина Сәдуақасова өзін кәрі деп сөгетіндерді орнына қойды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Әлі отпын ғой": Мадина Сәдуақасова өзін кәрі деп сөгетіндерді орнына қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Мадина Сәдуақасова өзін кәрі екенін айтып сынағандарға жауап берді. Отандық танымал әнші қартаюға тым ерте екенін жеткізіп, өзін әлі 18 жастағы бойжеткен ретінде сезінетінін айтты деп жазады NUR.KZ.

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Instagram парақшасында жазба қалдырып, өзінің қартайғанын айтқандарды орнына қойды. Әнші бүгінгі күні 60-тағы адамдардың өзін кәрі деп айту орынсыз екенін алға тартып, күйеуі оны 18-жастағы аруға теңейтінін жеткізді.

"Жақында 39-ға келдім. Әрине жаспын, өмірімнің бәрі алда. Бірақ, бір байқағаным, Олжасқа тұрмысқа шыққан күннен бастап, адамдар менен кәріліктің белгілерін іздей бастады, тіпті бір сәтсіз ракурстағы суреттердің астында: мінеки, келді-ау бұған да кәрілік" дегенді оқыдым.
Адам баласына 30-40, тіпті, 50 де қарт болу өте ерте, қазір 60-тағы адамдардың өзі өзін қарттар қатарына қоспайды... Біз болсақ, әлі отпыз ғой.Олжастың көзімен қарасаңыз тіпті 18-демін" , - дейді әнші.

Мадинаның бұл жазбасына оның желідегі оқырмандары толықтай қосылып, әншінің өз жасынан кіші көрінетінін жарыса жазуда. Олар сүйікті әншісінің жасанды жас арулардың қасында әлдеқайда көрікті екенін де жасармады.

"Сөйлей берсін. Тым жас көрінесіз", "Әрине 18-дегі қыз сияқтысыз. Өте сымбатты әрі жассыз. Қайдағы қартайған?", "Өз түрлеріне қарап алсын. 39 жасқа мүлде ұқсамайсыз" "39-ға келген кейбір әйелдерді сіздің құрдасыңыз деп айту қиынға соғады" , - деп жазды желідегілер.

Мадина Сәдуақасованың әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Айта кетейік, жаңа жобаны қолына алған Сәдуақасованың өзгеше шаш үлгілсін көпшілік ұнатпай қалған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
2
2
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel