RU
Ақтаулық дәрігерлер жүкті әйел мен баласын құтқарып, жұртты қуантты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаулық дәрігерлер жүкті әйел мен баласын құтқарып, жұртты қуантты

Рассказать Вконтакте

29 қыркүйек күні облыстық перинаталды орталыққа жедел жәрдем қызметі жүктіліктің 39-шы аптасындағы ес-түссіз әйелді жеткізген. Дәрігерлер "бас миының синустарының трамбозы" диагнозын қойып, ота жасап жас келіншек пен баласын құтқарды деп хабарлады lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

www.inaktau.kz

Көрнекі фото: inaktau.kz

Сол күні 1999 жылғы келіншектің басы айналып, денесі құрысып, көзі қарауытқан екен. Жедел жәрдеммен ОПО жеткізіліп, кейін МОА ауыстырылыпты. Науқасқа "бас миының синустарының трамбозы" диагнозы қойылып, ота жасалған.

"Қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ бірқалыпты. Есін біледі, динамикалық ауытқулар жоқ. Ол кардиореанимация бөлімінде", - деді невропатолог Нұрсұлтан Ноғаев.

Отаны МОА төрайымы Жаман Жаманбаева жасаған. Ота 12 сағатқа созылған, қазір гепаринмен емдеу жұмыстары жүргізілуде.

"Жұмысымызды білеміз. Сондықтан әйел де, бала да аман. Ауруханамызда әртүрлі патологиялары бар жүкті әйелдерге жылына беске жуық ота жасалады", - деп жауап берді облыстық перинаталды орталықтың төрайымы Жамал Жаманбаева.

Астанадан шақыртылған невропатолог дәрігер әріптестерінің жүргізген ем-шараларының дұрыс екенін айтып, құптады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel