RU
Қатерлі ісікке шалдыққан "Атырау аруы" халықтан көмек сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Қатерлі ісікке шалдыққан "Атырау аруы" халықтан көмек сұрады

Рассказать Вконтакте

2015 жылы "Атырау аруы" атанған Гаухар Қасаева осыдан бір жарым жыл бұрын қатерлі ісікке шалдыққанын айтып, халықтан көмек сұрады. Алғашқы отадан кейін шетелде ем алуға қаражаты жетпеген ару қайта ауырған соң осы әрекетке баруға мәжбүр екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

20 жастағы бойжеткен өзінің дерті туралы Instagram парақшасында жазған. Ол өзін Қазақстанда емдей алмайтынын, тек Израильге немесе Оңтүстік Кореяға бару қажет екенін жеткізіпті.

Гаухардың толық емделуіне 30 мың АҚШ доллары қажет екен.

"2018 жылдың 24 тамызында маған екінші рет ота жасады. Президент клиникасындағы және Қазақстандағы басқа да ірі онкологтарға жолықтық. Ешқайсысы жақсы нәрсе айтпады.
Олар бұл жағдайда Қазақстан медицинасы қауқарсыз екенін, маған тек Израильге немесе Оңтүстік Кореяға ұшу керек екенін жеткізді. Сөздерімді растау үшін құжаттарымды да қыстырып қойдым", - деген ару өз жазбасында.
Гаухар хирург-онколог Нұрлан Балтаевпен бірге. Фото: Instagram

Гаухар хирург-онколог Нұрлан Балтаевпен бірге. Фото: Instagram

Егер Гаухарға көмек бергісі келетін жандар болса, төмендегі реквизитке қаржы аудара алады.

Kaspi Gold: 51 69 49 31 07 40 24 41

ЖСН: 980418450761

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
18
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel