RU
Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, видео түсірген азамат елден кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, видео түсірген азамат елден кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Алматының Әл-Фариби даңғылында жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, видео түсірген азамат ел алдында кешірім сұрап, видео-үндеу жолдады деп хабарлайды ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жігіт бес жол ережесін бірден бұзған. Ол енді жүргізуші құжатынан 6 айға айырылуы мүмкін.

Полицейлер 20 жастағы жүргізушінің кешірім сұраған сәтін видеоға түсіріп алған.

"Құрметті, отандастар! Өзімнің кінәмді мойындай отырып, Әл-Фараби көшесі бойындағы қылығым үшін кешірім сұраймын. Енді ешқашан бұл ісімді қайталамаймын. Өзгелерге қайталамауға кеңес беремін", - деді жол ережесін бұзушы.

Ішкі істер департаменті істің сотқа өтетінін мәлім етті.

Айта кетейік, таңертең Алматының ең үлкен даңғылы бойында жол ережесін өрескел бұзған жас жігіт жайлы айтқан болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel