RU
Астанада үш жасар қызынан айырылып қалған ана жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада үш жасар қызынан айырылып қалған ана жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының Қосшы ауылында жол апатынан көз жұмған үш жасар қыздың анасы қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп уайымдайды. Полицей Жасұлан Елубаев жоғары жылдамдықпен үш жасар Аяжан мен оның төрт жасар ағасы және атасы отырған көлікті қағып кеткен. Қазір тәртіп сақшысы үй қамауында отыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 7kun.kz

Фото: 7kun.kz
Source: UGC

Жанардың айтуынша, сараптама 25 жастағы полицейдің мас болғанын дәлелдеген. Қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан ол қарама-қарсы жолаққа шығып кетіп, атвокөлікке соғысқан.

Оқиға салдарынан екінші көліктегі азамат пен төрт жасар бала аман қалғанымен, үш жасар Аяжан қайтыс болып кетіпті.

Қазір аталған іске қатысты тергеу жұмыстары басталды. Алайда, полицей тергеу изоляторына емес, үй қамаққа жіберіліпті.

Ал Аяжанның анасы полицей жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel