Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі бойжеткенді қағып кеткен BMW жүргізушісі ұсталды

Опубликовано:

Алматыда Райымбек даңғылы бойында екі бірдей бойжеткенді қағып кетті деп күдіктелген 26 жастағы Ермек Насыл ұсталды деп хабарлайды қаланың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі: UGC

Күдікті қазан айының 2-сінде ұсталған.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Мамандардың айтуынша, жол көлік оқиғасы 26 қыркүйекте шамамен 08:40-та орын алған. Белгісіз біреу екі бойжеткенді қағып кетіп, оқиға орнында көлігін тастап кеткен.

Бейнекамераға түскен жазбаға сәйкес қыздарды BMW көлігі қағып кеткені анықталған.

Сол күні көлік қаланың үшінші ықшам ауданында иесіз табылған екен. Тәртіп сақшылары көліктің кімге тиесілі екенін анықтап, оны іздестіру шараларына кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756212-almatyda-eki-bojzetkendi-kagyp-ketken-bmw-zrgizusisi-staldy/

pixel