RU
Астанада ауруханада есінен танып жатқан ақ халаттының видеосы тарады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада ауруханада есінен танып жатқан ақ халаттының видеосы тарады

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде аурухана еденінде жатқан медицина қызметкерінің видеосы таралып кетті. Анықталғандай, ол есінен танып қалған деп хабарлайды Елорда Инфо сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. Мекемеде бұл оқиға Орталық теміржол ауруханасында болғаны жазылған.

Түн ортасында қабылдау бөлімінде кезекшілікте болған медицина қызметкері өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

"Бұл видео оған медициналық көмек көрсетілуін күтіп тұрған сәтте түсірілген", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау басқармасында.

Одан бөлек, мекеме қызметкерге толық көмек көрсетілгенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше емделушіні тепкілеген дәрігердің басы дауға қалған болатын. Ол оқиға да осы Орталық теміржол ауруханасында болған еді.

Желіде шу тудырған видеодан кейін дәрігер жұмысынан қуылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel