RU
Ақтауда пара алудан бас тартқан шенеунік 100 мың теңге сыйақы алды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда пара алудан бас тартқан шенеунік 100 мың теңге сыйақы алды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда мемлекеттік қызметкер 5 мың теңге парадан бас тартып, 100 мың теңгеге сыйақы алды деп хабарлайды Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Радио Свобода

Көрнекі фото: Радио Свобода
Source: UGC

Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментінің заң басқармасы қызметкеріне жергілікті тұрғындардың бірі пара бермек болған.

Ер адамға аз уақытта құжат алу керек болған. Ол өз мақсатына жету үшін, шенеунікке 5 мың теңге көлеміндегі пара бермек болған.

Алайда ол біршама уақыттан кейін өз әрекетінен айнып қалған екен.

Шенеунік болған жайтты тез арада өз басшыларына жеткізіп, мән-жайды құзырлы органдарға жеткізген екен.

Нәтижесінде ер адам 48 мың теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге мәжбүр болыпты. Ал парадан бас тартқан шенеунік 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы алыпты.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel