RU
Бұзауды шұңқырдан шығармақ болған бір үйдің екі ұлы ажал құшты
Жаңалықтар Әлемде

Бұзауды шұңқырдан шығармақ болған бір үйдің екі ұлы ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Тәжікстандағы Жәми ауданының Навобод ауылында қайғылы оқиға болды. Шұңқырға түсіп кеткен бұзауды құтқаруға бел буған үш азамат оған өздері құлап батып кеткен деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org

Анықталғандай бұзауы әжетхана шұңқырына түскен үй қожайыны көршілерін көмекке шақырады. Ер адамдар жануарды шығарып алмақ болып бекінгенде, өздері шұңқырға түсіп, батып кеткен.

Марқұмдардың туыстары мезгілсіз қазаның ауыр тигенін айтады. Олар көмектесуге барған туыстарының осылайша көз жұмғандары қатты жандарына батқанын жеткізді.

"Кешкі уақытта көршіміздің үйінен көмек сұрап жатқан дауыстар естілді. Менің балам бірінші болып барды. Оған тағы екі жігіт қосыла олар шұңқырға түсіп кеткен бұзауды шығаруға барынша тырысты. Алайда, ақыр-соңы өздері құлап, батып кетті.
Әжетхана шұңқырына бірінші болып Сухроб есімді көрші бала құлап кетті. Оған көмектеспек болып менің ұлым да құлады" , - дейді қаза болған 28 жастағы жігіттің әкесі Махмадсаид Самадов.

Қайғылы оқиғадан Хусейн Исмоиловтың екі ұлы қайтыс болған. Ол 24 жастағы Сухроб пен 17 жастағы Мұхаммаджон.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, үш ер адам да улы газдан қайтыс болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel