RU
"Көліктен қорқады": Әкесі таспен ұрған баланың қазіргі жағдайы қандай?
Жаңалықтар Қоғам

"Көліктен қорқады": Әкесі таспен ұрған баланың қазіргі жағдайы қандай?

Рассказать Вконтакте

Алматыда әкесі таспен ұрған балақайдың денсаулығы әлі қалпына келмеген. Бес жасар Мұхаммедтің туыстары оның ауруханадан шыққаннан кейінгі жағдайын айтып берді хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: CC0 / Anita S.

Фото: CC0 / Anita S.

Олардың сөзінше, балақай қайғылы оқиғадан кейін көліктерді көрсе денесін бірден қорқыныш сезімі бойлайды екен.

"Жалпы айтқанда Мұхаммедтің жағдайы қалыпты. Алайда, соңғы кездері ол өте ашуланшақ болып барады. Оған қоса, қажетті сөздерді кейде есіне түсіре алмай жататыны бар" , - дейді баланың туысы.

Шығыс айналма жолындағы қайғылы оқиғадан кейін бала жатқызылған ауруханада оған тиісті көмектің барлығы көрсетілген. Барлық оңалту жұмыстары мен дене массажы уақытылы жасалынған.

Қараша айында Мұхаммед қайтадан оңалту курсынан өтуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel