RU
Ғалымдар қартаймаудың тағы бір әдісін тапты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар қартаймаудың тағы бір әдісін тапты

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Миннесота университетінің ғалымдары көкеніс пен жемістердің құрамындағы физетин адам ағзасын жасартуға көмектесетінін анықтады деп жазады Life.ru. сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ria56.ru

Көрнекі фото: ria56.ru

Зерттеушілер физетин жүйке талшықтарын ерте қартаюдан қорғап, жасушаларды жасартып отыратынын анықтаған.

Жас кезде бұл міндетті иммундық жүйе атқарса, уақыт өте келе ол тозып, міндетін толық орындай алмайды екен.

Ғалымдар кәрі кеміргіштердің жасушаларына масс-цитометрикалық талдауын жасау арқылы физетиннің ағзаны жасартатынына көз жеткізген.

Осылайша, адам құрамында осы заты бар тағамдарды неғұрлым көп жесе, соғұрлым өмірін ұзартады екен.

Физетин құлпынай, мүкжидек, қаражидек, құрма, алма, қияр, қызанақ, киви құрамында кездеседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel