RU
Астанада менингококк жұқтырған ер адам ес-түзсіз ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Астанада менингококк жұқтырған ер адам ес-түзсіз ауруханаға жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Елордада менингококкты инфекция оқиғасы тіркелді. Жезқазғаннан достарына келген 33 жастағы ер адам өзін жайсыз сезініп, нәтижесінде оны ессіз күйінде жедел жәрдем алып кеткен. Ауруханада дәрігерлер болжаған диагноз расталды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Vtambove.ru

Фото: Vtambove.ru

Бұл туралы Астананың денсаулық сақтау департаментінің мамандары мәлімдеді. Елордадағы инфекциялық аурухананың зертханасында ер адамның менингококк жұқтырғанын анықтаған.

1 қазан күні есінен танып қалған ер адамды жедел жәрдеммен алып кетті. Ол Өскемен тумасы болып шыққан. Азамат екі апта бойы Жезқазғандағы банктердің біріне дабылдама орнатқан.

29 қыркүйек күні оның басы айналып және қатты ауырып, дене қызуы көтерілген. Келесі күні бұл белгілерге лоқсу қосылған.

Алайда, өзін жайсыз сезінгенімен ер адам бәрібір де 1 қазан күні әріптесімен бірге Астанаға баруға бел буған.

"Бірінші қазан күні оның жағдайы одан бетер нашарлай түскен. 1985 жылғы азамат ессіз күйде жедел жәрдеммен дереу инфекциялық ауруханаға жеткізілді.
Бүгінгі күні ер адамның жағдайы жақсарып қалды. Біз оның алты адаммен қатынаста болғанын анықтадық. Олардың екеуі бала болса, төртеуі үлкендер. Барлығын тексерістен өткіздік. Олардан менингококк табылған жоқ" , - дейді департамент басшысы Сәдуақас Байғабылов.

Менингококк вирусын жұқтырған ер адамға емдік шаралары белгіленді. Екі аптаның ішінде өзін жақсы сезінген жағдайда ол ауруханадан шығарылмақ.

Ал онымен қатынаста болған алты адам әлі 12 күн бойы жіті бақылауда болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін да дәл осы менингококк күдігімен Ақтауда әскери борышын өтеп жатқан сарбаз ауруханаға жеткізілген еді. Алайда, бұл диагноз жас жігіттен анықталған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel