Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызы 4 жылдан бері комада жатқан астаналық ана жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Астанада қызы 4 жылдан бері комада жатқан Ляззат Абзулдинова жанайқайын жеткізді. Айтуынша, алғашында панкреонекроз диагнозы қойылған қызы табан астында комаға түсіп, содан бері ес жимаған. Қызының аяқтан тік тұратынына сенімді қайсар ана Өз ойым бағдарламасына келіп, болған оқиғаны айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Скриншот: Өз ойым бағдарламасы
Скриншот: Өз ойым бағдарламасы: UGC

Оқиға 2015 жылдың 10 қаңтарында орын алған. Қызы Дариға Ерболатова сол күні жамбасының ауырып, денсаулығы нашарлап кеткендігін айтыпты. Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университетінің үшінші курс студентіне дәрігерлер "панкреонекроз", "мидың ісінуі" деген диагноз қойған.

Қызының денсаулығы оңалатынына сенімді болған ана, сол күні қызымен тілдесіп, әдеттегідей жұмысына кете барады. Ал жұмыстан қайтып келген уақытта, қызын палатадан таппай қалады. "Қызым қайда?" деп сұрағанында, дәрігерлер оның комаға түскенін айтады. Содан бері Дариға Ерболатова есін жинамаған.

Ал екі айдан кейін қызының жағдайы тым ауырлап кеткенін көрген ана, оны дәрігерлердің кеңесімен үйіне алып кетеді.

"Қолы бәрі қатып қалған, қызыма қараудың өзі қорқынышты болды. 20 келіге жүдеп кеткен. Тамақ, су бермеген. Дәретке отырады деп, тазаламау үшін дәрігерлер тамақ бермеген. Солай деп айтқан медбикенің сөзін де естідім. Ауруханада жатып, тірідей шіри бастады.

Содан қазір ойлаймын, алып кеткенім дұрыс болған шығар деп. Бірақ басында қалай күтемін деп қатты қорықтым. Бәріне үйрендім, кеудесінде тыныс алу аппараты да тұр. Төсек, насос сатып алдық. Қанша дәрігер шақырдық, шетелдік мамандарға көрсеттік. Ешкім ешқандай көмек бере алмай отыр", - дейді науқас бойжеткеннің анасы.

Бағдарламаға келген заңгер қызды екі айдан соң үйге шығарып жіберген дәрігерлер тиісті жазасын алу керек дейді.

"Сол кезде жүгіріп, олардың тиісті жазасын беру керек еді, қазір тым кеш", - дейді маман.

Десе де Ляззат Абзулдинова қызының аяқтан тік тұрып кететініне кәміл сенеді.

"Қызым бір күні оянып қалатын шығар, мүмкін бүгін оянады", - деп жылап жіберді ана.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756250-kyzy-4-zyldan-beri-komada-zatkan-astanalyk-ana-zansyra-kmek-srauda/

pixel