RU
Із-түзсіз кеткен әлемдегі ең бай танымал актриса табылды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Із-түзсіз кеткен әлемдегі ең бай танымал актриса табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қытайда үш ай бұрын жоғалып, көпшілікті алаңдатып қойған Фань Бинбин есімді актриса табылды. Шоу-бизнес өкілі көпшіліктен уайымға салып қойғаны үшін кешірім сұрап, желіде ресми мәлімдеме жасады деп жазады TJournal басылымына жасаған NUR.KZ.

Фото: mashable.com

Фото: mashable.com
Source: UGC

TJournal басылымының мәлімдеуінше, қытайлық жұлдыз билік өкілдерінен өзінің шынайы табысын жасырып, оған тиісті салық төлемегін үшін жазаланған. Актриса 130 млн доллар мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айыппұлды төлеген жағдайда актрисаға тағылған айыптар алынады. Мұндай жеңілдікке оның алғаш рет заң бұзғаны сепші болған.

Қытайлық БАҚ өкілдері дабыл қағып, айыппұл салынатыны туралы ақпарат таратқан соң 37 жастағы актриса үнсіздігін үзіп, ресми мәлімдеме жасауға ұйғарған.

"Барлықтарыңыздан кешірім сұраймын. Ел алдында жүргендіктен заңға бағынып, көпке үлгі болуым керек. Мемлекетіміздің саясаты, партия мен сіздердің сүйіспеншілігіңіз болмағанда, мен де бүгінгі күнгі Фань Бинбин де болмас еді", - дейді актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Фань Бинбиннің жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel