Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Кесікбаевтың қайын енесі 2 млн доллар жымқырды деп айыпталуда

Опубликовано:

Малайзия экс-премьер-министрі Наджиб Разактың жұбайы, қазақстандық Данияр Кесікбаевтың қайын енесі Розме Мансурге ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылды. Бұл туралы ТАСС- қа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Розме Мансур. Фото: ТАСС
Розме Мансур. Фото: ТАСС: UGC

Малайзия прокуратурасының мәліметінше, Мансур заңсыз қаржы транзакцисын жеке өзі жүзеге асырған. Жуырда оған қаржы жымқырды және салықтан жалтарды деген айып тағылған.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, Данияр Кесікбаевтың қайын енесі заңсыз жолмен 2 млн долларды имденген.

Ал Розме Мансур өзіне тағылған айыптарды мойындап отырған жоқ. Қазір экс-премьердің әйелі төленген кепілдің арқасында бостандықта жүр.

Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Наджиб Разак сот алдына келді. Оған жалпы сомасы 680 млн доллар иемденді және терроризмді қаржыландырды деген айып тағылған. Кінәсі дәлелденсе, экс-шенеунік 45 жылға сотталауы мүмкін.

Айта кетейік, Данияр Кесікбаев Наджиба Разак пен Розме Мансурдің қызына үйленген. Жұбайлар екі жасар ұлды тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1756263-daniar-kesikbaevty-kajyn-enesi-2-mln-dollar-zymkyrdy-dep-ajyptaluda/

pixel