RU
Қызылордада 9 жасар қызды зорлап, анасын белдікпен буындырып өлтірген адам сотталмайтын болды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада 9 жасар қызды зорлап, анасын белдікпен буындырып өлтірген адам сотталмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Қызылордада үшінші сынып оқушысын зорлап, анасын оның көзінше белдікпен буындырып өлтірген ер адам сотталмайтын болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:NewsTracker

Фото:NewsTracker

4 шілде күні болған жантүршігерлік қылмыстық іс соңына жетіп, қылмыскердің ақыл-есі кем болғандықтан сотталмайтыны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, Қызылордаға қарасты "Ягодка" бақ шаруашылығы маңында 9 жасар қызды ер адам зорлап тастайды. Анасы қызын құтқармақ болғанда, қылмыскер оны шалбарының белдігімен буындырып өлтірген болатын.

Бұл уақытта әйелдің күйеуі Астанаға жұмысқа кеткен екен. Қайғылы оқиғадан кейін кішкентай қыз бала ауруханаға жеткізілген.

Сол күні әйелдің айқайын естігендер дереу полиция шақырып, орта жастағы ер адамды ұстаған. Заңның екі түрлі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, қылмыскердің ақыл-есі кем болғандықтан, психиатриялық стационарда емделетін болады.

Сіздің реакцияңыз
7
0
19
7
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel