Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйден шыққан алапат өрттен 12 жасар баланы мысық құтқарған

Опубликовано:

Ресейдің Сыктывкар қаласында үй жануары өрт кезінде 12 жасар баланы құтқарып қалды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vashipitomcy.ru
Фото: vashipitomcy.ru: UGC

Қыркүйек айының соңында саяжайлардың бірінде орналасқан үйден өрт шыққан.

Ал үйде науқастанған 12 жасар ұл бала жатқан. Үйдің үлкендері оқыс оқиға орын алғанда жұмыста болған.

Өрт шыққан уақытта жеткіншек ұйықтап жатыпты. Оқушыны мысығы оятып алған. Содан соң олар терезеден секірген.

Қазір бала ауруханаға жеткізілген. Оның аяғы күйіп, газдан уланып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1756281-jden-sykkan-alapat-rtten-12-zasar-balany-mysyk-ktkargan/

pixel