RU
Қасымов: Біз статистика үшін қылмысты жасыруға тырыстық
Жаңалықтар Қоғам

Қасымов: Біз статистика үшін қылмысты жасыруға тырыстық

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қазақстандық полицейлердің бұрын қылмысты статистикалық мәліметтер үшін жасырғанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қасымов. Фото: Baribar.kz

Қасымов. Фото: Baribar.kz

Бүгін елордада Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру мәселесі бойынша кеңес өткен болатын.

Өз сөзінде Қасымов Ішкі істер министрлігінің реформасының республика бойынша атқарылып жатқанын еске салды.

Сонымен қатар министр қазіргі жүйенің пайдасыз екенін, полицияның қылмысты жиі жасыратынын, мұның барлығы статистикалық мәліметтер үшін екенін де мәлім етті.

"Бұл мәселенің өзекті болғаны соншалық, біз қылмысты жасырғандарды арнайы қылмыстық жауапкершілікке тартуға мәжбүр болдық", - деді Қасымов.

Сондай-ақ министр жасалып жатқан қылмыстың 70% пайызы ұрлық төңірегінде болатынын да жасырмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel