RU
Ақтауда менингит жұқтырған сарбаз әлі комада жатыр
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтауда менингит жұқтырған сарбаз әлі комада жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтауда менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген жігіт әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жас жігіттің "іріңді менингоэнцефалит" деген дертке шалдыққаны белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: Sputnik / Варвара Гертье

Көрнекі фото: Sputnik / Варвара Гертье

Дәрігерлер Отан алдындағы борышын № 6656 әскери бөлімінде өтеп жүрген Бауыржан Елқондиевті жағдайын ауы деп бағалап отыр. Тіпті олар сарбаздың жазылып кететінін нық сеніммен айта алмайтындарын жеткізді. Себебі жас жігіт ақ халаттыларға тым кеш жүгінген.

Сөйтіп, қауіпті дертті асықындырып алған.

Ал Бауыржанмен араласқан 12 сарбаздан менингиттің қоздырғышы анықталмаған.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйек күні менингококк күдігімен Ақтауда әскери борышын өтеп жатқан сарбаз ауруханаға жеткізілген еді. Алайда, бұл диагноз жас жігіттен анықталмаған болатын.

Ал күні кеше Астанада Жезқазғаннан достарына келген 33 жастағы ер адамның менингококк жұқтырғаны белгілі болды.

Дереккөз КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel