RU
Маңызды тұлғалар, жеке аспаз: Ермегияевке түрмеде қандай жағдай жасалған?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Маңызды тұлғалар, жеке аспаз: Ермегияевке түрмеде қандай жағдай жасалған?

Рассказать Вконтакте

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтың түрмедегі өмірі қандай болғаны анықталды. Абақты басшысы өз өкілеттілігін асыра пайдаланып, шенеуіктің жағдайын жасап отырған. Бұл туралы, түрме бастығының ісі қаралған сот отырысында куәгерлер мәлімдеді деп жазады Астана телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ustinka.kz

Фото: ustinka.kz

ЕЦ 166/10 елордалық мекеменің қызметкерлері Талғат Ермегияевтың абақтыда жазасын қалай өтегені туралы бар шындықты ашты.

Сот отырысы барысында, куәгерлер "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы түрмеде ішімдікті оңайшылықпен алып отырғанын жайып салды. Олардың айтуынша, өзінің көп уақытын Ермегияев кітапхана мен кездесу бөлмесінде өткізген.

Ермегияевпен кездесуге көбінесе қымбат маркалы көліктермен "маңызды тұлғалар" келіп тұрған. Олар аптасына кемінде екі мәрте келіп, сотталушыға керек нәрселерін жеткізіп отырған.

Оған қоса, Ермегияев қосымша ақы төлеп, өзіне жеке тамақ әзірлеткізіп және бөлмесін жинатып тұрған.

Анықталғандай, жақын арада өз шенін асыра пайдаланғаны үшін айыпталып жатқан абақты басшысына қатысты сот отырысында ол да жауап беретін болады.

"Ермегияевқа маңызды тұлғалар жиі келіп тұрды. Бір сөзбен айтқанда бостандықта сияқты өмір сүрді. Оның қал-жағдайын біліп кететін адамдар келмес бұрын түрме басшысы Мұсаев қалған сотталғандарды өндірістік алаңнан жасаққа жіберетін. Бұл әрекетін артық ешкім көрмес және білмес үшін жасады" , - дейді Байқоңыр аудандық сотының судьясы Айнұр Күлбаева.

Автор: Е. Сисенов

Айта кетейік, Астанада Ермегияев жазасын өтеп жатқан түрме басшысына қатысты іс қозғалған. Ол өкілеттілігін асыра пайдаланып, шендіге жағдай жасағаны үшін айыпталуда.

Оған қоса, Ермегиявқа абақтыға телефон мен ішімдік үнемі жеткізіліп отырғаны туралы мәлімдеген болатынбыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
1
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel