RU

Миын қауіпті амеба жеп қойған 29 жастағы жігіт тіл тартпай кетті

АҚШ-тың Техас штатында 29 жастағы тұрғын ми жегіш амебаның құрбаны болды деп жазды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: u-f.ru
Көрнекі фото: u-f.ru: UGC

Фабрицио Стабиле Уэйко қаласындағы толқынды хауызда серфингпен айналысқан. Осыдан кейін ол денсаулығына шағымдана бастаған.

Ер адам сөйлеуден қалып, дене мүшелері құрысып, аяқ-қолы істемей қалған.

Дәрігерлер бастапқыда ол инсульт алды деп болжаған. Алайда марқұмның денесін ашқан ақ халаттылар оның миына қауіпті амебаның кіріп кеткенін анықтаған.

Бұл жасушалы жәндік адам миын жеп, жүйке жүйесін зақымдайды екен. Амебалық менинкоэнцефалит тым кеш анықталғандықтан дәрігерлер Фабрицио Стабиле құтқарып қала алмаған.

Қазір ол барған хауыздың барлық қолданушылары да тексерістен өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756325-miyn-kauipti-ameba-zep-kojgan-29-zastagy-zigit-til-tartpaj-ketti.html