RU

Қуат "Найман" Головкинге екі белбеуін қайтарып алудың жолын айтты

Еліміздегі ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" өткен айда үш бірдей титулынан айырылып қалған Геннадий Головкинге белбеулерін қайтарып алудың жолын айтты деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

36 жастағы спортшы Головкиннің кәсіби бокстағы карьерасын аяқтауы керек пе деген сұраққа жауап берді.

Хамитовтың пікірінше, GGG енді Джейкобспен кездесу өткізсе, бұл мәселенің түйіні шешілмек.

"Кез-келген боксшы мансабын жеңіспен аяқтауды армандайды. Головкиннің де алдағы уақытта қызықты жекпе-жектері болатынына сенімдімін. Мәселен, Джейкобспен жекпе-жекке түсіп, екі бірдей белбеуін жеңіп алуы мүмкін. Оның бірі - Джейкобс жеңіп алатын вакантты титул мен "Канело" бас тартқан титул", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756326-kuat-najman-golovkinge-eki-belbeuin-kajtaryp-aludy-zolyn-ajtty.html