Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макгрегордың егізі Нұрмағамедовты жекпе-жекке шақырып, намысына тиді

Опубликовано:

Ережесіз жекпе-жек жұлдызы Конор Макгрегорден айнымай қалған 48 жастағы австралиялық Маркус Диган желіде жұлдыз болды. Ирландиялық спортшының егізі оның қарсыласы Хабиб Нұрмағамедовты ел алдында жекпе-жекке шақырған деп жазады oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az
Фото: oxu.az: UGC

7 қазандағы жекпе-жек алдында ұйымдастырылған спортшылардың ашық жаттығуы көптеген қызыққа толы болды. Кеш жұлдызы Конор Макгрегорден айнымайтын австралиялық азамат болды.

48 жастағы Маркус Диган ауқымды шараға арнайы дайындалып келген.

Ирландиялық жұлдыз стилінде киініп алған ол Хабиб Нұрмағамедовтың намысына типі, ресейлік спортшыға сөз сөйлеуге мұрша бермеген. Оған қоса, ер адам Конордың қарсыласын өзімен жұдырықтасуға шақырды.

"Сен түкке тұрғызсызсың!" , - деп айқайға басты ол.

Австралиялық азамат алдағы жекпе-жек бірінші раундта Конордың жеңісімен аяқталатынына сенімді. Оның ойынша, Хабиб нокаутпен жеңіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1756330-makgregordy-egizi-nrmagamedovty-zekpe-zekke-sakyryp-namysyna-tidi/

pixel