Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда Бергей Рысқалиевті сырттай соттап жатыр

Опубликовано:

Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен мемлекет қаржысын жымқырды деп күдіктелген тағы да сегіз айыпталушыға қатысты алдын ала тыңдау отырысы болып өтті деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бергей Рысқалиев. Фото: azh.kz
Бергей Рысқалиев. Фото: azh.kz: UGC

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтен бөлек, оның інісі Аманжол Рысқали, күйеу баласы Рүстем Әлбақасов пен тағы 6 адам осы іске қатысы бар деп күдіктелуде.

Оларға Қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айып тағылған.

Күдіктілердің барлығына алдын ала сот отырысы болатыны ескертілгенімен, олардың ешқайсысы сот алдына келмеген.

Кей айыпталушылардың қорғаушылары істі кейінге шегеріп, қалған 54 томымен танысу үшін 11 ай уақыт беруін өтінді.

Төрағалық етуші оған 15 күнге рұқсат берді. Енді сот ісі 18 қазанда басталатын болды. Ал айыпталушылар оған қатыспайды.

Айта кетейік, елден кеткен Бергей Рысқалиев қазір Ұлыбританияны қашқын ретінде паналап жүр. Сондықтан ол әзірге елден ешқайда кете алмайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756333-atyrauda-bergej-ryskalievti-syrttaj-sottap-zatyr/

pixel