RU

Денесінен тердің орнына қан шыққан жеткіншек елді шошытты

Вьетнамдық 11 жасар қыз емтиханға дайындалған кезде қатты қобалжып, денесінен термен бірге қан шыға бастаған деп жазды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Pen News
Көрнекі фото:Pen News: UGC

Мектеп емтихандарына дайындық барысында 11 жастағы қыз бала күніне 3-4 рет қанмен терлей бастаған.

Қазір оқушы қыз Вьетнам емханаларында ем қабылдап жатыр. Оған "гематидроз" диагнозы қойылды.

Pen News
Көрнекі фото:Pen News: UGC

Бұл патологиялық жағдайда тер қанмен араласып, зақымдалған ұсақ қан тамырлар арқылы теріден бөлініп шығады екен.

Дәрігерлер гематидроздың өмір ұзақтығына әсер етпейтінін, бірақ оны біршама қысқартатынын баса айтып өтті.

Бұл ауруды емдеудің арнайы әдісі жоқ екен. Сондықтан мамандар ең алдымен кішкене қыздың күйзелісін азайтуға тырысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756334-denesinen-terdi-ornyna-kan-sykkan-zetkinsek-eldi-sosytty.html