RU

Медбикеден қорлық көрген 92 жастағы кейуананың ұлы жан сырын айтты

Австралияның Перта қаласындағы қарттар үйінде ой-өрісі әлсіз кейуана медбикелерден қорлық көрген. Олар 92 жастағы әжейді мазақ етіп, артынша оған қол көтерген деп хабарлайды lifter.com.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lifter.com.ua
Фото: lifter.com.ua: UGC

Джин Роббинстің ұлы Эд анасының денесінен көгерген іздер мен ұйыған қандарды көргенде қарттар үйіне жасырын камера қойып кетіпті.

Олар аурухана төсегінде жатқан кейуананы итеріп, ұрып жіберген екен. Жақында аяғын сындырып алған әжей өзін мазақтап күлген медбикелерден қорғану үшін қолын да көтеріпті.

Бейнежазбада әйелдердің бірі оны жатқызу үшін төсекке аяғын лақтырып, итеріп жібергенін байқауға болады.

Ал Роббинстің ұлы Эдтің айтуынша, анасының ауырып, 20 минут көмек сұрап жатқан кездері де болыпты.

"Анама қатты ауыр тиген. Ол қорғану үшін қолын да көтеріпті. Полицияның сөзінше, оны мазақтаған, физикалық тұрғыда күш көрсеткен", - дейді Эд.

Екі келіншекке қатігез қарым-қатынасы үшін 12 түрлі айып тағылғанымен, олар жазадан құтылып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756343-medbikeden-korlyk-krgen-92-zastagy-kejuanany-ly-zan-syryn-ajtty.html