RU
Алматыда BMW көлігі қаққан екі қыздың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда BMW көлігі қаққан екі қыздың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді

Рассказать Вконтакте

Қыркүйек айының соңында BMW көлігі қағып кеткен екі қыз әлі де ауруханада жатыр. Олардың біріне ота жасалған, ал екіншісіне алдағы уақытқа жоспарланған. Бұл туралы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: 1news.zp.ua

Көрнекі фото: 1news.zp.ua

№7 қалалық аурухана дәрігерінің сөзінше, 19 жастағы Кәмшат Құрұмбаева мен 20 жастағы Клара Исламова 26 қыркүйек күні ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Екеуінің де мықыны сынған. Бас миы шайқалған және бастары жарақаттанған. Науқастардың біріне ауруханаға түсе сала, бас сүйегі тесіліп ота жасалған.

Құрұмбаеваға 3 қазан күні ота жасалып, травмотологиялық бөлімде емделіп жатыр. Екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр. Келесі аптада оған да ота жасалады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат қазір қамауға алынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel