Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте отандасын өлтірген Қытай азаматы сотталды

Опубликовано:

Шымкентте қасақана кісі өлтіргені үшін 29 жастағы Қытай азаматы Се Чжичен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірлік тілшісі.

Фото: balkanweb.com
Фото: balkanweb.com: UGC

Сотталушы Түркістан облысы кәсіпорындарының бірінде келісім шарт негізінде еңбек еткен. Мұнда қытай жұмысшыларынан құрылған арнайы бригада жұмыс істегені анықталды. Се Чжижен сол жұмысшы тобын басқарып, ай сайын қарамағындағыларға айлықтарынан алдын ала төлеп, яғни аванс беріп отырған.

Жұмысшылардың бірі сотталушыға ешқандай ақша алмағанын айтып, наразылығын білдірген. Өзара келіспеушіліктің нәтижесінде, асханада екеуінің арасында ұрыс керіс басталып, соңы төбелеске ұласқан.

Наразы отандасы Чжиженды бір ұрып, жерге сұлатып түсірген. Сонда айыпталушы қолына асхана пышағын алып, жәбірленушінің аяғынан бірнеше рет және кеуде тұсына сұғып алды.

Пышақ соққыларының бірі дәл жүрегіне тиіп, қытай жұмысшысы тілге келмей көз жұмған.

Бұл туралы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев мәлімдеді.

Судьяның айтуынша, сотталушы Қытай азаматы кінәсін толық мойындаған. Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1756346-symkentte-otandasyn-ltirgen-kytaj-azamaty-sottaldy/

pixel