RU
Денесіне сурет салдырған бойжеткен түсік тастап, мүгедекке айналды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Денесіне сурет салдырған бойжеткен түсік тастап, мүгедекке айналды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Колумбия штатының тұрғыны Луиза Фернанда омырауының астына сурет салдырып, организміне инфекция кіргізуінің салдарынан мүгедек болып қалды деп жазды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Mirror

Көрнекі фото:Mirror

Денесіне сурет салғызған кезде бойжеткен оның қандай қиындыққа әкелетінін білмеді. Организміне инфекция кіріп, оның жұлынын зақымдаған.

"Хирургтар енді ешқашан жүре алмайтынымды айтты" , - деді Луиза.

Болашақ ананың денесінен ота жасап, инфекцияның салдарынан жиналған суды алған. Содан кейін оның соқыршегі қабынған.

Mirror

Көрнекі фото:Mirror

"Маған ұзақ емделуге тура келді. Көп дәрі қабылдадым. Соның салдарынан түсік тастадым. Бұл маған үлкен соққы болды. Мен күйзеліске ұшырап, тағы да дәрімен емделдім", - деді бойжеткен.

Қазір ол жаңа өміріне үйреніп жүр. Достары оған қымбат ем-шараға қажет ақша жинауға көмектеседі екен.

Луиза басқаларды өз денсаулығына немқұрайды қарамауға шақырады.

Mirror

Көрнекі фото: Mirror

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel