RU
Назарбаев: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын қайта қарау керек
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын қайта қарау керек

Рассказать Вконтакте

Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялай отырып, мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуды қадап тапсырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz

Фото: Zakon.kz

Тағы оқыңыздар:

Елбасы Қасымов туралы: Ең тәжірибелі әрі әділ полицей>>

Назарбаев ең төменгі жалақыны 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды>>

Назарбаев Келімбетов туралы: Әйтеуір бір жерде жүреді>>

Назарбаев баланың тәрбиесі 6 жасқа дейін қалыптасып үлгеретінін ескере отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруды қолға алу керек деп отыр.

"Баланың барлық ақыл-ойы алты жасқа дейін қалыптасатынын барлық ғылым дәлелдеді. Ал біз мұнымен ешқашан айналыспадық. Бар әлем мұны біледі.
Бұл жүйеде квалификациялық талаптарды, білім беру әдістерін, тәрбиешілер мен балабақшадағы басқа да қызметкерлер жалақысын қайта қарау керек.
Министрлік әкімдікпен бірігіп жол картасын дайындасын. Ерлан, осы да қиын ба?", - деп білім министріне нақты тапсырма берді көшбасшы.

Сондай-ақ елбасы Қазақстандағы балалардың 95 пайызы балабақшаға барады деген статистикаға күмәнмен қарайтынын жеткізді.

"Біз көп нәрсе жасадық. Балалардың 95 пайызы балабақшаға барады деген қашанғы көрсеткіш? Бл соңғы 5 жыл ішіндегі жалпылай алғандағы сандар. Ал енді ондағы сапаға да мән беріп қояйық", - дейді Назарбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel