RU

Назарбаев Қазақстанда салықтық рақымшылық жариялады

Елбасы Қазақстан халқына кезекті жолдауында салықтық рақымшылық жариялайтынын мәлім етті. Назарбаев аталмыш шешім арқылы еліміздегі кәсіпкерлерге барлығын қайта бастауға мүмкіндік бермекші деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: atameken.kz
Фото: atameken.kz: UGC

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев ең төменгі жалақыны 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды>>

Назарбаев шенеуніктерге: Шетелдік киімдеріңді шешсе-жалаңаш қаласыңдар>>

Назарбаев: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын қайта қарау керек>>

"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кіші және орта бизнес иелеріне салықтық рақымшылық жарияланады - олар салықтың негізгі қарызын төлейтін болса, айыппұлдары мен өсімақылары кешіріледі", - деді Назарбаев.

Елбасы пікірінше, бұл шара көлеңкелі экономикамен күресіп, бизнесті дамытуға өз септігін тигізбек.

"Экономикадағы көлеңкелі айналымдарды үш жыл ішінде ең болмаса 40% қысқартуға барынша тиімді шаралар қабылдау керек", - деді президент.

Оған қоса, кәсіпкерлерді заңсыз қысым мен қорқытулардан қорғау керек деген Назарбаев, оларға тыныштық бермейтін шенеуніктерге қылмыстық іс қозғауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756372-nazarbaev-kazakstanda-salyktyk-rakymsylyk-zarialady.html