RU
Назарбаевқа Қазақстанда пәтердің қанша тұратынын ешкім айта алмады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаевқа Қазақстанда пәтердің қанша тұратынын ешкім айта алмады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев жалдамалы және әлеуметтік тұрғын үйлердің жетіспеушілігі туралы айтып, облыс пен қала әкімдерін сөгіп тастады. Тегін тұрғын үйдің болмайтынын ескерткен елбасы Астананың бұрынғы әкімі Әсет Исекешовті мысалға келтірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев шенеуіктерге: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын>>

Назарбаев Түркістан облысында мектепке ақша беріп жұмысқа тұратындар туралы ашық айтты>>

"Әр шешеден туған сияқтысыңдар": Назарбаев үкімет пен Ұлттық банкке ұрсып тастады>>

Президент жиынға қатысып отырғандардан пәтердің бағасы қанша екенін сұрады. Бұл сұраққа 6-7 миллион деген түрлі жауаптар айтылды.

"Үкімет жұмыс істемейді. Әкімдер жұмыс істемейді. Барлықтарыңа айтарым-сендерге басқа не керек? Адамдарға жақсы жағдай жасау үшін не керек? Барлығын бердік қой. Мен барлық әкімдерге ескертемін, жыл соңында қызметте қалу-қалмауларың өз атқарған жұмыстарыңа байланысты болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы тұста мемлекет басшысы ипотекалық несие бойынша алғашқы жарнасын төлеудің ішінара субсидиясын енгізген Әсет Исекешовті мысалға келтірген.

"Сен қалай істедің?", - деп сұрады елбасы Исекешовтен. - Бұл ұстаздарға, полицейлерге, барлығына беру мүмкіндігін көрсетеді. Облыстарда мұны істеуге болады ғой? Біз барлығын төлеу керек деп мәжбүрлемейміз. Бұл мәселеде көмектесуге, жұмыс істеуге тырысу керек. Астанадан үлгі алыңдар", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, елбасы жалдамалы тұрғын үйлердің санын арттыруды тапсырды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Мен барлық елдің алдында айтамын - бізде басқа әлем, нарықтық экономика. Мемлекет ешқашан тегін пәтер бермейді. Несие мен жәрдемақы бойынша көмектесетін шығар, алайда тегін бермейді.
Енді еш жерде тегін пәтерге кезек болмауы тиіс. Егер тұрғын үйлік сертификаттар берілсе, олар өз үйлерінің жағдайын жақсарта алады. Мемлекет 650 мың жанұяға көмек көрсетеді", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel