RU
Назарбаев Түркістан облысында мектепке ақша беріп жұмысқа тұратындар туралы ашық айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Түркістан облысында мектепке ақша беріп жұмысқа тұратындар туралы ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Елбасы Түркістан облысында халықтың мектепке жұмысқа тұру үшін пара беретінін айтып, облыс әкімін сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото akorda.kz

Фото akorda.kz
Source: UGC

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев ең төменгі жалақыны 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды>>

Назарбаев шенеуніктерге: Шетелдік киімдеріңді шешсе-жалаңаш қаласыңдар>>

Назарбаев: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын қайта қарау керек>>

Назарбаев Түркістан облысындағы мектепке жұмысқа орналасудың қандай жүйеде жүзеге асатынын жақсы білетінін мәлім етті.

Ол аталмыш өңірде мұғалімнен бастап, қарапайым еден жуушыға дейін жұмысқа тұру үшін қойылған нақты "ставкасы" бар екенін айтып, облыс әкімі Түймебаевқа сауал жолдады.

"Бұл мәселені Нұр Отанның жиынында да айтқан болатынсыз. Біз содан кейін арнайы шаралар қабылдадық. Қазір техникалық қызметкерлерді, мұғалімдер мен директорларды да біз сол ғаламтордағы жүйе арқылы қабылдаймыз. Жеке адаммен жолығу жоқ", - деді Жансейіт Түймебаев.

Президент өңір басшысына жаңа облыста жаңа тәртіп қолға алынсын деп сеніп тапсырды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel