RU
Назарбаев ЖОО-лар туралы: Ешкімге қажетсіз мамандарды неге дайындаймыз?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев ЖОО-лар туралы: Ешкімге қажетсіз мамандарды неге дайындаймыз?

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етуді және қауіпсіздік шараларын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, елбасы балалар псхологтарына баса назар аудару қажеттігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев шенеуіктерге: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын>>

Назарбаев Түркістан облысында мектепке ақша беріп жұмысқа тұратындар туралы ашық айтты>>

"Әр шешеден туған сияқтысыңдар": Назарбаев үкімет пен Ұлттық банкке ұрсып тастады>>

Президент арнайы қаржы бөлінетін мемлекеттік білім мен медицинаға көңілі толмайтын адамдарға таң қалатынын айтты.

Ол білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен биыл шетелге оқуға кеткендердің саны туралы сұрады.

Министр қазір шетелге оқуға кетудің трендке айналғанын айтты. Алайда мемлекет асып кеткендердің тек жеті пайызы ғана отанға оралмайтынын, ал қалғандары Қазақстанға келетінін жеткізді.

"Келесі жылы "Ұстаздар мәртебесі" туралы заң даярлауды тапсырамын. Сондай-ақ, Жоғары оқу орындарын ірілендіру қажет. Мен олардың көп болуына қарсы емеспін, бәрі оқиды. Бірақ, ешкімге керексіз адамдарды оқытып, диплом берудің не қажеті бар? Ол жақта жемқорлық бар", - деді елбасы.

Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарына жауапкершілік жүктеу керектігін айтты.

"Мемлекеттік грант санын көбейттік. Енді жауапкершілікті арттырамыз. ЖОО-ның білім дәрежесін оқып бітірген түлектердің жоғары жалақылы жұмысқа орналасуынан білуге болады. Нарықта тек сапалы жоғары білім беретін орындар ғана қалуы керек , - деді мемлекет басшысы.

Одан бөлек, Нұрсұлтан Әбішұлы елдегі медициналық қызмет туралы сөз қозғады.

"Неге жастар шетелге оқуға кетелі? Өйткені, олар біздің оқу орындары мен дәрігерлерге сенбейді. Медицина-санитарлық қызметтің қолжетімділігін арттыру керек. Медицина қызметкерлерінің санын 20 пайызға арттыру керек. Келесі жылы бес миллиард теңге бөлінеді", - деді президент.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel