RU
Елбасы Қасымов туралы: Ең тәжірибелі әрі әділ полицей
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы Қасымов туралы: Ең тәжірибелі әрі әділ полицей

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Ішкі істер министрлігінің реформасы туралы сөз қозғады. Ол құқық қорғау органдарының жұмысын қайта реттеуді тапсырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қалмұхамбет Қасымов. Фото: newtimes.kz

Қалмұхамбет Қасымов. Фото: newtimes.kz
Source: UGC

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев ең төменгі жалақыны 42 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды>>

Назарбаев шенеуніктерге: Шетелдік киімдеріңді шешсе-жалаңаш қаласыңдар>>

Назарбаев: Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын қайта қарау керек>>

"Әскери қызметкерлер халық тыныштығы үшін өз өмірлерін де тәуекелге қояды. Тәуелсіздік жылдары 770 полицей көз жұмған. Елдің бәрі оларды жамандағанымен, бірнәрсе бол қалса, соларға қарай жүгіреді.
Полиция жазалаушы таяқ емес, азаматтардың көмекшісі болуы керек. Мен генерал Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі, шыншыл әрі әдепті полицей ретінде көремін", - деді президент.

Сондай-ақ елбасы тәртіп сақшыларын жұмысқа қабылдау жүйесін өзгерту қажеттігін атап өтті. Ол барлық қызметкерлерді аттестациялаудан қайта өткізіп, ең мықтыларын ғана органда жұмыс істеуге алып қалу керек дейді.

"Халық полицияның жазалаушы емес, қиын сәтте көмектесуші екенін білуі керек. Погонды таққаннан бастап одан барлығы қорқады.

Сен генерал әрі министрсің. Маған шетел тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстандағы қылмысты азайтатын жаңа құрылым ұсыншы", - деді президент Ішкі істер министріне.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel