RU
Назарбаев жиі жиын өткізетін шенеуіктерді сынап тастады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев жиі жиын өткізетін шенеуіктерді сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев шенеуіктерді жиі отырыс өткізетіндері үшін сынап тастады. Өз наразылығын елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауы барысында жеткізген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: uralskweek.kz

Фото: uralskweek.kz

Тағы оқыңыздар:

Назарбаевқа Қазақстанда пәтердің қанша тұратынын ешкім айта алмады>>

Назарбаев шенеуіктерге: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын>>

Назарбаев Түркістан облысында мектепке ақша беріп жұмысқа тұратындар туралы ашық айтты>>

Президенттің айтуынша, жиі ұйымдастырылатын отырыстар шенділердің жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.

Мемлекеттік қызметкерлер Назарбаевқа жылына 100 күнін жиында өткізетіндерін айтқан. Бұл мәлімдеме президенттің ашуын келтірген.

"Сейсенбі күндері ғана барыңдар! Басқа күндері бармаңдар! Мен орнатқан тәртіпті ұстаныңдар. Адамдарға жұмысымен айналысуға мұрша беріңдер. Біз әкімдерге өздігінен шешім қабылдау еркіндігін береміз деп келістік емес пе?" , - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жиі өткізілетін жиындардың тым көп уақыт алуы орынсыз екенін алға тартты.

"Кабинетіңде телефон бар. Жоғары дәрежедегі бюрократия" , - деп қайырды президент.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel