RU
"Ақшаны желге шашасыңдар": Назарбаев Сүлейменовке шүйлікті
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Ақшаны желге шашасыңдар": Назарбаев Сүлейменовке шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті жолдауы барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлмейновтің жұмысын сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: abctv.kz

Фото: abctv.kz

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев шенеуіктерге: Жұмыс істемесеңдер, орындарыңа шетелдік мамандарды жалдаймын>>

Назарбаев Түркістан облысында мектепке ақша беріп жұмысқа тұратындар туралы ашық айтты>>

"Әр шешеден туған сияқтысыңдар": Назарбаев үкімет пен Ұлттық банкке ұрсып тастады>>

Президент бюджеттің әр тиыны үнемделіп жұмсалу керектігін айтты.

"Дағдарыс кезінде әр тиынды үнемдеу керек. Мысалы Түркістан облысында бір мектепке 600 миллион теңге, екіншісіне 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінеді екен. Үкімет қандай өңірлерге ақша беру керек? Мектеп жетіспейтін аймақтарға ақша бөлу керек.
Ал үкімет керісінше ақшасы көп аймақтарға ақша бөледі. Қалай түсінеміз мұны? Мұның бәрі неге орын алып отыр деп ойлайсыздар ғой? Себебі министрдің өзі төменнен бастамаған жұмысын. Сен қай жерде нақты ақша жетіспейді, соны білуің керек. Енді министрлердің орнына мен жұмыс істеуім керек пе?", - деді елбасы.

Бұл ретте мемлекет басшысы ұлттық эономика министрі Тимур Сүлейменовты сынға алды.

"Сен экономика министрі емессің бе? Сендер қаржы министрлігімен бірлесе отырып, ақшаны үнемдеулерің керек. Мен кей кезде таңғаламын, біреулер бюджеттік ақшаны таусылмайтын бөшке санайды. Ақшаны алып-алып, жыл соңында қайда жұмсарларын білмей шашады-ай келіп", - деді президент.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel