RU
Шпекбаев Назарбаевтан ескерту алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Шпекбаев Назарбаевтан ескерту алды

Рассказать Вконтакте

Бүгін президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауы барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Әлік Шпекбаев президенттен ескерту алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: liter.kz

Фото: liter.kz

Тағы оқыңыздар:

Елбасы Қасымов туралы: Ең тәжірибелі әрі әділ полицей>>

Назарбаев: Өңірлерде мен келерде қалай дайындалатынын білем>>

"Әр шешеден туған сияқтысыңдар": Назарбаев үкімет пен Ұлттық банкке ұрсып тастады>>

Әлік Шпекбаев президетке мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы екі есеге көбейгенін айтты.

"Бұрын мемлекеттік қызметке барғысы келетіндер аз болатын. Қазір олардың саны арта түсті. Сол арқылы мемлекеттік қызметке келушілердің санын арттырып отырмыз", - деді Шпекбаев.

Бірақ президент оның сөзін бөліп жіберді.

"Түсінікті сөйлесеңші, не деп тұрсың өзі? Қалай адамдарды басқарып жүрсің өзі", - деді елбасы.

Шпекбаев бүгінде мемлекеттік қызметте бір орынға 28 адам таласатынын айтты.

"Агенттіктерің керемет екен", - деді мемлекет басшысы.
"Әрине, мемлекеттік қызметкерлердің саны 3 есеге азайғаны қуантарлық жағдай. Әдетте мемлекеттік қызметкерге не керек? Қалам, қаламсап, парақ, сосын қазақтарға секретарша керек. Яғни еңбекақы 2,5 есеге өскен. Алайда қызметкерлер саны төмедеген.
Егер жеменшік сектор мен үздік жоғары оқу орындарынан келетін студенттер саны артса, сонда нәтиже болатын еді. Бірақ кей бөлімдерді 10 адам отырып, оның үшеуі ғана нақты жұмыс істеуі мүмкін. Ал қалғандары не істейді сонда? Өтірік жұмыс істеген кейіп танытып отыра ма? Одан да сол онның үшеуін ғана қалдыру керек", - деді президент.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel