RU
Қазақстандықтар қызыл жұлдыздардың жауған құбылысына куә бола алады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қазақстандықтар қызыл жұлдыздардың жауған құбылысына куә бола алады

Рассказать Вконтакте

8-9 қазанда қазақстандықтар ерекше құбылыстың, Драконид атты жұлдызды жауынның куәсі болады деп жазады newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ТАСС/Сергей Метелица

Көрнекі фото:ТАСС/Сергей Метелица

Солтүстік Қазақстандағы М. Қозыбаев атындағы мемлекеттік университет профессоры Андрей Солодовниктің айтуынша "Айдаһар" - аспанның солтүстігінде, Жеті қарақшы мен Темір қазықтың арасында орналасқан шоқжұлдыз. Ақпа жұлдыздар содан шығады.

Жұлдыздардың ағуын комета тудырады. Оның Күнді айналып шығу мерзімі алты жыл алты айды құрайды екен. Алыстаған кезде ол Юпитер орбитасынан асып, қайтарында Жер орбитасына жақындайды екен.

Дәл осы перигелийде кометаның өзегі құрамындағы заттардан айырылып, орбитасын ақпа жұлдыз тудыратын ұзақ заттарға толтырады. Сондықтан комета Күн мен Жерге жақындаған сайын ақпа жұлдыздарды жаудырады.

Андрей Солодовник Драконидтің қысқа мерзімді құбылыс екенін айтып өтті. Халықаралық метеордық мекеменің мәліметтері бойынша, бұл құбылысты сегізінші қазаннан тоғызына қараған түні тамашалауға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel