Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың інісі алғаш рет әке атанды (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың ортаншы інісі Аян Нұртас алғаш рет әке атанды деп жазады NUR.KZ.

Ортаншы ұлының қызды болғаны жайлы Гүлзира Айдарбекова қуанышпен хабарлады.

Өмірінде қызды болмағанына өкінгенімен, келіндерінің бұл өкініштің орнын толтырғанын айтқан Айдарбекованы желі қолданушылары жарыса құттықтады.

Осыған дейін Қайраттың қос қызын қызғалдақтарына теңеген продюсердің бағында тағы бір гүл бүршік атты.

Үш ұлды тәрбиелеп өсіріп, немерелерінің қызығын көріп отырған Айдарбековаға желі қолданушылары құтты болсын айтып, ақ тілектерін жаудырған.

"Құтты болсын", "Бауы берік болсын", "Шөберенің қолынан су ішіңіз" деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың әндерің біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1756429-kajrat-nrtasty-inisi-algas-ret-ke-atandy-foto/

pixel