RU
ШҚО-да ер адам ішінде жолаушысы бар көлігін суға батырып жіберді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да ер адам ішінде жолаушысы бар көлігін суға батырып жіберді

Рассказать Вконтакте

ШҚО-дағы Қатоң-Қарағай ауданында азамат жол апатына түскен соң, ішінде жолаушысы бар көлігін суға батырып жібереген. Ер адам жарақат алған жолаушысына көмектесудің орнына, оқиға орнынан тайып тұрған деп жазады ustinka.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: videodiscovery.org

Фото: videodiscovery.org

Анықталғандай азаматты бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырған. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан ол рульге ие бола алмай, нәтижесінде көлік өзенге құлап түскен.

Жүргізушіден басқа көлікте жолаушы ер адам болған. Жарақат алған азаматқа көмектескеннің орнына ШҚО тұрғыны оны суға батып жатқан жерінде тастап кеткен.

Жол апаты салдарынан алған жарақаттарынан жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Алайда, сот отырысында зардап шеккен азаматтың туыстары жүргізушіні кешіргендерін айтып, оны абақтыға қамамауларын сұраған.

Қатоң-Қарағай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот алқасы жүргізушіні бәрібір де кінәлі деп тапқан.

Ер адамды бір жарым жылға бас бостандығынан айырып, үш жылға көлік тізгіндеуіне тыйым салынбақ. Сот үкімі әлі заңдық күшіне енген жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel