RU
Индонезияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1500 адамнан асты
Жаңалықтар Әлемде

Индонезияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 1500 адамнан асты

Рассказать Вконтакте

Индонезияда жер сілкнісі мен цунамиден қаза тапқандар саны 1558 адамға жеткен. Бұл туралы табиғи апат салдарын қалыпқа келтіру Ұлттық басқармасы мәлім етті деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото © Twitter/TicToc by Bloomberg

Фото © Twitter/TicToc by Bloomberg
Source: UGC

Қазір үйінділер астынан тірі қалған тұрғындарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған Франция мен Сингапур және Үндістаннан әскери қызметкерлер жұмылдырылған.

Айта кетейік, Сулавеси аралында 28 қыркүйек 7,4 баллдық жер сілкінісі орын алған.

Аралдың солтүстік аймағындағы ғибадатханадан 34-тен аса баланың денесі табылды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия басшысына көңіл айтты.

Табиғат апатынан көз жұмғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel