RU
Алматыда көлікпен қарама-қарсы бағытта жүйткіген жігітке қатысты тың дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда көлікпен қарама-қарсы бағытта жүйткіген жігітке қатысты тың дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Назар Роллан өзінің көздеген мақсатына жетті. Енді қоғамда шу тудырған жігітке тек өз видеоларын жүктеген Instagram қолданушылары ғана емес, полиция қызметкерлері де қызығушылық танытуда деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: instagram.com/ nazarrollan

Фото: instagram.com/ nazarrollan

Әл-Фараби көшесінде көлікпен қарама-қарсы жолақта жүрген жігіт бұрын да тәртіпті бола қоймаған.

20 жастағы азамат "Алматы менеджмент университетін" аяқтай алмаған екен.

Жоғары оқу орнында тәртіп бұзуға жаны құмар жігіттің тиісті балл жинамай, кешенді тестілеуден өте алмай қалғанын айтыпты.

Жақында Назардың белгілі жазушы Роллан Сейсенбаевтың немересі екені анықталған еді. Алайда әдеби қайраткер Назарды танымайтынын, аталған азаматты бірінші рет көріп тұрғанын жеткізді.

"Қарама-қарсы бағытта жүйткіген көліктің" видеосы қоғамдық дау тудырған соң, жас жігіт өз ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұраған еді.

Алайда, артынша Роллан халықтың көз жасқа сеніп қалатын ақкөңіл екенін айтқан болатын.

Назардың Роллан Сейсенбаевтың немересі екенін желі қолданушылары өз Facebook парақшасында жазған. Олардың сөзінше, 2002 жылдың 12 сәуірінде жарияланған мақалада Роллан Сейсенбаев "Назарға хат" атты немересіне арнаған туындысын жазып жатқанын айтыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel