RU

Геннадий Головкин мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Алматыда журналистермен кездескен Геннадий Головкин мансабын қашан аяқтайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

dknews.kz
Көрнекі фото:dknews.kz: UGC

Геннадий Головкин келесі қарсыласы кім болатынын және Қазақстандағы кәсіби бокс жайында айтып өтті.

"Мансабыңды аяқтайтын белгілі бір жас жоқ. Сондықтан мұндай болжам жасау қиын" , - деді боксшы.

GGG бокстың қауіпті спорт екенін, бір соққы бүкіл өміріңді өзгертуі мүмкін екенін жасырмады. Сондықтан қазір мәлімдеме жасамайтынын айтты.

"Біз бәріне дұрыс, салмақты қараймыз. Мүмкіндік болса, қалауым болса, боксты жалғастырамын", - деп жауап қатты Геннадий.

Сұхбат соңында Геннадий табынушыларымен кездесті. Олар сүйікті тұлғаларын қимай әрең жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1756471-gennadij-golovkin-mansabyn-kasan-aaktajtynyn-ajtty.html