RU
Сауда орталықтарында енді жігіттерді де "жалға алуға" болады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сауда орталықтарында енді жігіттерді де "жалға алуға" болады

Рассказать Вконтакте

Қытайдың ірі қалаларындағы сауда орындарында сұңғақ бойлы, сымбатты жігіттерді жалға алуға болады. Азаматтар арулардың жанына серік болып, оларға қалаған қызмет түрін ұсынады деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: curtamais.com.br

Көрнекі фото: curtamais.com.br

Аспанасты еліндегі сауда орталықтарында кездесетін "жалдамалы жігіттер" сағатына шамамен 0,15-0,30 долларға дейін алады екен. Олар нәзік жандылардың жанында құр жүрмей, тауарын таңдасып, сөмкесін көтеруге де көмектеседі.

Жалдамалы жігіттер қызметіне әсіресе, сауда орталығына жалғыз келіп жабыққан арулар жүгінетін көрінеді.

Сондай-ақ, сымбатты азаматтармен мейрамханада бірге тамақтанып, суретке түсіп, әңгіме дүкен құруға да рұқсат. Басты талап - жігіттерге физикалық тұрғыда жақындауға болмайды.

Әдетте мұндай жұмысқа келісетін қосымша ақша табуға құмар студент жігіттер. Олар көбінесе ашық мінезді, адамдармен тез тіл табысқыш және кез-келген жанмен уақытын қызықты өткізе алатын жастар екен..

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel