RU
Көздің астындағы ісіктен қалай құтылуға болады?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Көздің астындағы ісіктен қалай құтылуға болады?

Рассказать Вконтакте

Көз айналасындағы ең нәзік тері денсаулық жағдайыңыздың көрсеткіші. Мәселен ұйқының қанбауы немесе алкогольдік ішімдіктің әсері көздің астында қара із қалдырады. Бұл туралы Хроника.инфо сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: missbagira.ru

Көрнекі фото: missbagira.ru

Көз астындағы қара дақтан құтылу үшін мамандар күніне 7 сағаттан көбірек ұйықтауға, көп уайымдамауға кеңес береді. Әдетте ұйқысыздық салдарынан адам ашушаң болып, жүйке жүйесі бұзылып, бет-ажары тез қартаяды екен. Сондай-ақ тамақтану жүйесін де қатаң түрде қадағалаған жөн. Қуырылған, қатты тұздалған және майлы дәмдерден бас тартып, кофе мен алкогольдік ішімдікті де азайту керек.

Ал жоғарыда айтылған кеңестер көмектеспесе, онда дәрігерге қаралып, қаназдыққа анализ тапсыру керек дейді косметологтар.

Қара сызықты уақытша жасыру үшін түрлі табиғи маскалар көмектесе алады. Мәселен, құрамында А дәрумені, кофеині бар жақпамайлар дақтың орнын білдірмей, біршама уақыт сұлулығыңызды мінсіз етеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel