RU
Перуашев дәл Назарбаев киген пиджагын көрсетіп, мақтанды (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Перуашев дәл Назарбаев киген пиджагын көрсетіп, мақтанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Азат Перуашев Ақордадағы мәжілісте отанымызда өндірілген пиджагымен мақтанды. Шенеуніктің киімін көрсетердің алдында жарты сағат бұрын Елбасы қазақстандық киімдерді киетінін айтқан болатын деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Депутат костюмді Алматы қаласындағы жеңіл өнеркәсіп фабрикасын сатып алғанын айтты. Оның ішкі бөлігінде "Az peruash" деген жазу алтын жіппен жазылыпты.

"Мемлекет басшысы отандық өнімдерді қолдау қажеттігін айтты. Қазір әр қалада азық-түлік өндіретін кішігірім кәсіптер мен, тігін фабрикалары бар. Біз ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толтыру керекпіз", - деді депутат.

Пиджактың ішкі бөлігін байқаған тілшілер оның белгісін бірден таныған. Аталған киімді өндірушілердің өнімін үш жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев та көрсеткен болатын.

"Біз-патриотпыз. Біз қазақстандық өнімдерді пайдаланатынымыз үшін қуануымыз керек. Міне, мен Қазақстанда өндірілген пиджакты киемін, аяқ киімім де елімізде өндірілген", - деген еді ол облыс басшыларымен кездескенде.

Бүгін елбасы Қазақстан халқына жолдауын арнайтын сәтте "Made in Kazakhstan" киімінде келді. Ол шенеуніктердің киімдерін шешсе, жаалңаш қалатындары туралы да айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel