Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әулиеаталықтар елбасы жолдауын ерекше ықыласпен қабылдады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазан күні жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын Қазақстан халқына арнады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға арналған жолдауды Әулиеаталықтар да ерекше ықыласпен қабылдаған.

Фото: Жамбыл облысы
Фото: Жамбыл облысы: UGC

Тәуелсіздік алғала жүргізіп келе жатқан елбасының саясатына толықтай сеніп, одан зор үміт күтетін Әулиеаталықтар Назарбаевтың жолдауын тікелей эфирден тамашалаған.

Тараз қаласындағы "Баласағұн" мәдениет сарайы мен мәдениет үйіне жиналған мыңдаған жамбыл облысының тұрғындары елбасы көтерген бастамаларды зор ықыласпен қабылдаған.

Ұлт көшбасшысының бұл жолғы жолдауы жастарға үлкен мүмкіндік беруде.

Тіпті 2019 жылды "Жастар жылы" деп айрықша атады.

Сондай-ақ еліміздегі ең төмен ай сайынғы жалақының мөлшерін де 42 мыңға дейін көтеруді тапсырды.

Негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттырып, білікті де білімді ұрпақ тәрбиелеу болып табылатын 2018 жылдың 5 қазанында жолданған жолдауды жылы қабылдаған Әулиеаталықтар оны жүзеге асыруда аянбай еңбек ететіндерін де жасырмады.

Айта кетейік, былтырғы жылы Жамбыл тұрғындары елбасының жолдауы мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарған болатын.

Атап айтар болсақ, "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгілеп берген негізгі он міндеттер нақтыланған еді. Осы орайды биылғы жылдың қаңтар айында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов "Баласағұн" орталық концерт залында актив жиыны өткізіп, бұл шараға облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма мен департаменттер, құқық қорғау органдары мен жоғары оқу орындары басшылары, сондай-ақ саяси партиялар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері, екінші деңгейлі банктер өкілдері қатысқан болатын.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов turaninfo.kz сайтына берген сұхбатында жолдаудың талқылауға емес, орындауға берілген тапсырма екенін атап өткен.

Асқар Мырзахметов. Фото: kazakh-tv.kz
Асқар Мырзахметов. Фото: kazakh-tv.kz: UGC
"Сіз бен біз жолдау талқылау үшін емес орындау үшін жарияланатынын жақсы білеміз. Сондықтан бүгін барынша осы жолдаудан туындаған міндеттерді Жамбыл облысында атқару жолдарын атап өттік. Бұл бірінші пысықтау, атқарылатын жұмысты қарау болғандықтан алда аудандарда, Тараз қаласында елді мекендерде жолдауды түсіндіру жұмыстары тұрғандығы белгілі.

Осыған байланысты кеше облыс әкімінің тиісті өкіміне қол қойылып, ақпараттық топтар құрылды. Аудандарға шығу кестесі бекітілді. Бұл қалыптасқан дәстүр. Ең бастысы біріншіден біз осы жолдауды халыққа жақсылап түсіндіре білуіміз керек. Бұл Жолдау ғана емес, жалпы барлық Жолдаудың түпкі мақсаты елдің экономикасын дамыту, тұрғындардың әл ауқатын көтеру болып табылады. Қай жолдауды қарасаңыз да бәрі осыған бағытталған. Ал енді оның сол заманға байланысты, сол уақытқа байланысты жолдары, қойылып жатқан міндеттері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ мақсат біреу.

Сондықтан да бұл маңызды құжат екені айтпаса да түсінікті. Ендігі жерде атап өткеніміздей Жамбыл облысында осы міндеттерді атқару жөнінен тиісті іс-шаралардың бәрі бекітілетін болады. Айтылғанның бәрі сөз жүзінде қалып қоймауы керек. Облыстағы бірінші кезекте жергілікті атқарушы билік, әкімдіктер, мәслихат депутаттары, басқа да облыстағы мемлекеттік мекемелер мен басшылары осы шараларға атсалысуға міндеттіміз.

Тек мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, облыстың зиялы қауымы да, қоғамдық ұйымдар да, басқа да белсенділер бір кісідей атсалысып жолдауды іске асыруға тиісті жұмыс атқарамыз деген сенім бар. Баршаңызға сәттілік тілеймін" – деді өңір басшысы Асқар Мырзахметов.

Ал 2017 жылы Жамбыл облысы әдеттегідей жолдауды ықылыспен қабыл алып, өңірде бірқатар тірліктер атқарған болатын.

Атап айтар болсақ, "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауы мен "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" аясында Қордай ауданының өзінде 55 іс-шара ұйымдастырылып, оған 12 мың адам қатысқан.

2015-2016 жылғы "Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: Өсім, реформалар, даму" жолдауы бойынша, Жамбыл облысында келешегі бар баламалы энергетика, химия, ауыл шаруашылық кешені, құрылыс индустриясы және т.б. салаларға қатысты 26 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнінде әлеуетті шетел инвесторларымен келіссөздер жүргізілген.

Сондай-ақ uag.zhambyl.gov.kz мәліметінше, осы жылы 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, "Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы" бағдарламасы аясында 6 мыңнан астам адам еңбекке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756498-ulieatalyktar-elbasy-zoldauyn-erekse-ykylaspen-kabyldady/

pixel