RU
Қымбат жүзікті ұрламақ болған ер адам оны жұтып қойды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қымбат жүзікті ұрламақ болған ер адам оны жұтып қойды

Рассказать Вконтакте

Түркияның Мугла провинциясында гауһармен әрленген 40 мың долларлық жүзікке көзі түскен 54 жастағы Ирландия тумасы оны жұтып қойды. Ол осылайша жүзікті қолды етпек болыпты. Бұл туралы NUR.KZ порталы telegraf.com.ua сайтына сілтеме жасап жазады.

Жүзік. Көрнекі фото: gosindex.ru

Жүзік. Көрнекі фото: gosindex.ru
Source: UGC

Зергерлік дүкеннен жүзікті ұрламақ болған азамат оны жұтып қойғаннан кейін масқара болады.

"54 жастағы Ян Кэмбелл жүзікті қолына алған күйі дүкеннен кетіп қалмақ болған. Зергер оның жолын бөгеген сәтте Ян жүзікті тез арада аузына салып, жұтып үлгереді", - дейді басылым.

Полиция бейнебақылау камерасының көмегімен Янның кінәсін дәлелдеп, оны емханаға алып кетеді. Енді дәрігерлер жүзік ер адамның асқазанынан өздігінен шықпайтын болса, ота жасату арқылы қымбат бұйымды кері қайтармақ.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel